
«Экономикалық даму, қаржылық тұрақтылық және мемлекеттік аудит» тақырыбында жоғары оқу орындары арасындағы пәндік олимпиада

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Университеттің 30 жылдығына орай «Экономикалық даму, қаржылық тұрақтылық және мемлекеттік аудит» тақырыбында жоғары оқу орындары арасындағы пәндік олимпиада өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы — «Мемлекеттік аудит» кафедрасы болды.
Олимпиаданың ұйымдастыру комитетін кафедра меңгерушісі, PhD докторы Спатаева С.Б. басқарды. Комиссия құрамына сондай-ақ: Серикова М.А. — PhD, қауымдастырылған профессор; Алибекова А.Б. — PhD, доцент міндетін атқарушы кірді.
Олимпиадаға келесі жоғары оқу орындарының командалары қатысты:
академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті, А.К. Құсайынов атындағы Еуразиялық гуманитарлық институт, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (екі командамен ұсынылған):
— «Бухгалтерлік есеп, аудит және салықтық консалтинг» білім беру бағдарламасы бойынша;
— «Бухгалтерлік есеп, аудит және салықтық консалтинг» және «Қаржылық аналитика» білім беру бағдарламалары бойынша;
сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.
Олимпиада 2026 жылғы 24 сәуірде өтті және «Мемлекеттік аудит», «Қаржы», «Есеп және аудит», «Бухгалтерлік есеп, аудит және салықтық консалтинг», «Қаржылық аналитика» білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын студенттерді біріктірді.
Қатысушылар олимпиаданың конкурстық кезеңдері барысында жоғары дайындық деңгейін, креативтілігін және кәсіби дағдыларын көрсетті. Байқау кезеңдеріне «Менің мамандығым — …» тақырыбында бейнеролик көрсету, команданың визиттік карточкасын таныстыру (атауы, ұраны, эмблемасы, негізгі мақсаттары мен құндылықтары), пәндік тестілеу, сондай-ақ ситуациялық тапсырмаларды шешу кірді.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
I орын (I дәрежелі диплом) — Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың «Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасы бойынша командасы.
Ғылыми жетекшілері: Алибекова Балшекер Ашикбаевна — э.ғ.к., профессор; Жұматаева Бақытжамал Ашимовна — PhD, қауымдастырылған профессор.
II орынды екі жоғары оқу орнының екі командасы иеленді.
Бірінші команда — С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті. Ғылыми жетекшілері: Ибраева Салтанат Каршаловна — аға оқытушы; Абдыкерова Гизат Жанарбековна — т.ғ.к., қауымдастырылған профессор; Кулекешова Айсулу Баянқызы — экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы.
Екінші команда — А.К. Құсайынов атындағы Еуразиялық гуманитарлық институт.
Ғылыми жетекшілері: Мажитова Бақыт Бекежановна — экономика ғылымдарының магистрі, доцент; Кожахметова Әсемгүл Ғиззатқызы — экономика ғылымдарының магистрі, доцент.
III орын да екі жоғары оқу орнының екі командасына берілді.
Бірінші команда — С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті.
Ғылыми жетекшісі: Кулекешова Айсулу Баянқызы — экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы.
Екінші команда — академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті.
Ғылыми жетекшісі: Садуакасова Мархабат Берікболқызы — аға оқытушы.
Олимпиаданың өткізілуі білім алушылардың кәсіби құзыреттерін дамытуға, білім алмасуға және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған маңызды алаңға айналды. Қатысушылар мемлекеттік аудит, бухгалтерлік есеп және қаржылық талдау саласында өздерін көрсетуге мүмкіндік алып, құнды тәжірибе жинақтады, сондай-ақ аналитикалық ойлау мен командалық жұмыс дағдыларын жетілдірді.
