
«Әдебиеттанудағы семиотикалық талдау» атты ғылыми семинар
#ENUscience
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
01.06.2026 70

2026 жыл мамыр айының 28-і күні ЕҰУ-да «Ғылыми зерттеу әдіснамасы» курсы аясында ф.ғ.д, профессор, оқытушы-зерттеуші Ж.Ә. Аймұхамбеттің «Әдебиеттанудағы семиотикалық талдау» тақырыбындағы ғылыми семинары өтті. Семинар барысында семиотика ұғымының тарихынан бастап, қазіргі кезге дейінгі өзгерісі талқыға салынды. Ғалым семиотикалық талдаудың әдебиеттануға қатысы мен оны жас зерттеушілердің өз еңбектерінде қолдануы төңірегінде құнды тәжірибесін бөлісті. Шараға тақырыпқа қызығушылық танытқан қазақ әдебиеті кафедрасының докторанттары мен магистранттары қатысты.
Бөлісу:
