
Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты

2026 жылғы 29–30 мамыр аралығында О.Е. Кутафин атындағы университетте (ММЗА) «Еңбек құқығы мен әлеуметтік қамсыздандыру құқығын ғылыми болжау және озық дамыту» тақырыбында «XII Гусов оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасы конференция жұмысына онлайн форматта қатысты:
Жаркенова С.Б., заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор – баяндама тақырыбы: «Стандартты емес жұмыспен қамтудың бір түрі ретіндегі жобалық жұмысты құқықтық реттеудің аспектілері».*
Нұрғалиева Е.Н., заң ғылымдарының докторы, профессор – баяндама тақырыбы: «Цифрлық көшпендінің құқықтық мәртебесі».*
Макрушин А.О., заң ғылымдарының магистрі, оқытушы – баяндама тақырыбы: «Еңбек қатынастарының икемділігін құқықтық реттеу: еңбек нарығының бейімделгіштігі мен жұмыскерлер құқықтарын қорғау арасындағы теңгерім».*
Баймаханова А.С., құқық магистрі, докторант – баяндама тақырыбы: «Платформалық жұмыста жасанды интеллектіні қолдану мәселелері».*
*Зерттеу Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы аясында жүргізілді (жобаның ЖТН АР26198993)
