
«ЕНУ балалар көзімен – 30 жыл бірге!» сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды

2026 жылғы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдық мерейтойына арналған «ЕНУ балалар көзімен – 30 жыл бірге!» атты сурет байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – университет қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамының балаларының шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың қиялын ұштау және Еуразия ұлттық университетіне деген сүйіспеншілігін өнер арқылы көрсетуге мүмкіндік беру болды.
Байқауға қатысушылар университеттің өткені мен бүгіні, білім мен ғылымның маңызы, сондай-ақ болашақтағы дамуы туралы өз көзқарастарын сурет арқылы бейнеледі. Балалардың шығармашылық жұмыстары ерекше идеяларымен, жарқын бояуларымен және шынайылығымен ерекшеленді.
Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталды:
3–5 жас санаты
ІІІ орын:
• Қорғантай Анель
• Касенова Данелия
• Саятов Ақжан
ІІ орын:
• Өтелбай Тауман
• Цыба Ярослава
І орын:
• Құрманбай Сабыр
Бас жүлде:
• Жулдасова Айлин-Мари
6–9 жас санаты
ІІІ орын:
• Ахмет Әлім
• Әбдін Айбар
• Тайжанова Сана
• Баяшева Аида
• Саятай Ақзере
• Қорғантай Жасмин
• Валиев Әли
• Тілеш Аяулым
• Нұрлыбек Тоғжан
• Тургинбаева Карина
• Валиева Адина
ІІ орын:
• Сакенова Сафийя
• Цыба Полина
• Баяшева Амина
• Жулдасов Алинұр
І орын:
• Құрманбай Амина
• Турикпенова Айзере
Бас жүлде:
• Құаныш Райлана
10–14 жас санаты
ІІІ орын:
• Қуатбай Айзере
• Нұрлыбек Нұрайша
• Касенова Аиша
• Байжуманова Аружан
ІІ орын:
• Сымбатқызы Айсара
• Сәндібек Жанерке
• Цыба Анастасия
І орын:
• Құрманбай Дария
• Құрманбай Жания
Бас жүлде:
• Сеильбек Аруна
Барлық қатысушыларға белсенділігі мен шығармашылығы үшін алғыс білдіреміз. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, оларға жаңа жетістіктер, шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз!
