
Варшава, Амстердам университеттеріне ғылыми іссапар

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ тіл білімі кафедрасының проф. м.а., ф.ғ.к. М.К. Ахметова 20-31 мамыр аралығында Польша мен Нидерланды Корольдігіне ғылыми іссапармен барды. Іссапар барысында Варшава университетінің Азия және Африка мәдениеттері факультетінің деканы проф. Агата Барея-Старыньска, доктор Ян Рогала, доктор Камила Станек және басқа да түрколог зерттеушілермен тәжірибе алмасып, 1926 жылғы Баку түркологиялық конгресінің 100 жылдығына арналған «XI түркологиялық конференция» жұмысына қатысты.
Амстердам университетінде проф. Л. Мароц, А. Пеетерспен кездесуде «Қазақ жастарының этномәдени санасының тілдік көріністері» ғылыми жобасының нәтижелері талқыланды. Кездесу барысында тілдік сана, этномәдени код және ассоциациялық зерттеулердің қазіргі психолингвистикадағы маңызы жөнінде ғылыми пікір алмасу өтті. Жобаның зерттеу нәтижелері халықаралық ғылыми ортада апробацияланды.
