
Қытайтанушы студенттердің кезекті жеңісі
SMART.ENU
03.06.2026 33

2026 жылғы 21–22 мамыр күндері Ақтөбе қаласындағы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті жанындағы Конфуций институтында республикалық «Қытай тілі көпірі» байқауы өтті.
Байқауға Халықаралық қатынастар факультетінің Шығыстану кафедрасының қытайтану бағыты бойынша білім алушы студенттері қатысып, қытай тілін меңгеру деңгейі мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде танытып, үздік нәтижелерге қол жеткізді.
Байқау нәтижелері бойынша:
II орын – Ғазиз Айхан;
III орын – Нариманова Камила.
Кафедра ұжымы жүлдегер студенттерді шын жүректен құттықтай отырып, оларға білім жолында биік белестер мен жарқын жетістіктер тілейді.
Авторы: Елубай А.
Бөлісу:
