
6B05209 – География білім беру бағдарламасының білім алушылары «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» кәсіпорнында болды

2026 жылғы 3 маусымда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Физикалық және экономикалық география кафедрасының 6B05209 – География білім беру бағдарламасының 3-курс білім алушылары өндірістік практика аясында Астана қаласындағы «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС кәсіпорнына барды.
Экскурсия басталар алдында білім алушыларға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізіліп, жеке қорғаныс құралдары берілді. Кәсіпорынға барған кезде олар компанияның құрылу тарихымен, негізгі қызмет бағыттарымен және броньдалған техниканы өндіру ерекшеліктерімен танысты.
Экскурсия барысында білім алушыларға техниканы дайындау және құрастыру жүргізілетін негізгі өндірістік учаскелер көрсетілді. Сонымен қатар кәсіпорында шығарылатын броньды машиналардың үлгілері таныстырылып, өндіріс кезеңдері, техниканың сипаттамалары мен қолданылу мақсаты туралы ақпарат берілді.
Аталған сапар білім алушылардың өнеркәсіп географиясы, өндірістік кәсіпорындардың орналасу факторлары, еңбек ресурстары және Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіптік кешеніндегі заманауи технологиялар туралы түсінігін кеңейтті. Өндірістік практика теориялық білімді нақты кәсіпорын қызметімен байланыстырып, өндірістік үдерістерді экономикалық-географиялық тұрғыдан талдауға бағытталды.
