
Педагогикалық шеберлік мектебі: «Құрылыс» кафедрасының жас оқытушыларының кәсіби құзыреттіліктерін арттыру

2025–2026 оқу жылында «Құрылыс» кафедрасында Педагогикалық шеберлік мектебі аясында жас оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, педагогикалық шеберлігін жетілдіруге және әдістемелік қызметін дамытуға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді.
2026 жылғы 23 қаңтарда «Дипломдық және магистрлік жұмыстарды ұйымдастыру және сүйемелдеу» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара барысында бітіру жұмыстарына қойылатын заманауи талаптар, білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ дипломдық және магистрлік жұмыстарға ғылыми жетекшілік ету ерекшеліктері қарастырылды. Қатысушылар ғылыми зерттеулерді сүйемелдеу және студенттерді қорғауға дайындау бойынша тәжірибелік ұсынымдар алды.
2026 жылғы 02 маусымда «Тиімді оқытуға арналған оқу материалдарын әзірлеу» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында оқу-әдістемелік материалдарды дайындаудың заманауи тәсілдері, силлабустар мен білім беру ресурстарын әзірлеу, сондай-ақ оқу үдерісінде инновациялық білім беру технологияларын қолдану мәселелері талқыланды. Жас оқытушылар құрылыс саласы пәндерін оқыту тиімділігін арттыру бойынша тәжірибелік ұсынымдар алды.
Іс-шаралардың жетекшісі және тәлімгері ретінде «Құрылыс» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Құдайбергенов Нұрлан Баязитұлы қатысып, өзінің көпжылдық педагогикалық тәжірибесімен бөлісті және жас оқытушыларға әдістемелік қолдау көрсетті.
Өткізілген іс-шаралар оқытушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға, білім беру үдерісін жетілдіруге және «Құрылыс» кафедрасында білім алушыларды даярлау сапасын арттыруға ықпал етті.
