
ЕҰУ Академиялық кеңесінің отырысында 2026–2027 оқу жылына арналған даму басымдықтары айқындалды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ардақ Бейсенбайдың төрағалығымен 2025–2026 оқу жылындағы Академиялық кеңестің төртінші отырысы өтті.
Отырыс барысында университеттің білім беру қызметін дамыту, білім беру бағдарламаларын жетілдіру және білім сапасын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.
Академиялық комитеттердің факультеттер, институттар және мектептер бойынша атқарған жұмыстарының қорытындыларына, университеттің білім беру бағдарламаларын аккредиттеу жағдайы мен даму перспективаларына, студенттердің білім беру процесінің сапасына қанағаттану деңгейін бағалау бойынша жүргізілген сауалнама нәтижелеріне, сондай-ақ 2026–2027 оқу жылына арналған негізгі міндеттер мен басым бағыттарды айқындауға ерекше назар аударылды.
Отырыс сындарлы әрі іскерлік жағдайда өтті. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, университеттің академиялық саясатын одан әрі дамытуға және білім беру процесінің сапасын арттыруға бағытталған тиісті шешімдер қабылданды.
Отырыс пен 2025–2026 оқу жылындағы Академиялық кеңес жұмысының қорытындысын шығара отырып, Кеңес төрағасы Ардақ Бейсенбай кеңес мүшелеріне оқу жылы бойындағы жемісті еңбегі, өзекті мәселелерді талқылауға белсенді қатысқаны және университеттің академиялық қызметін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдірді.
