
Физикалық және экономикалық география кафедрасының доценті жас геологтарға арналған республикалық оқу-жаттығу жиынына қатысты

2026 жылғы 11 маусымда Астана қаласындағы «Астана-Нұра» Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында жас геологтарға арналған III республикалық оқу-жаттығу жиыны өз жұмысын бастады. Білім беру іс-шарасына Астана, Шымкент, Қарағанды, Тараз, Талдықорған және Қостанай қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері мен «Зерде» мектеп-гимназиясынан 60-тан астам оқушы қатысуда.
Оқу-жаттығу жиынының негізгі мақсаты – геология ғылымына қызығушылық танытатын мектеп оқушыларының білімін тереңдету және оларды халықаралық олимпиадаларға даярлау.
Жиын аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Физикалық және экономикалық география кафедрасының доценті Аралбекова Марияш Ашимбековна жас зерттеушілерге дәрістер оқып, практикалық сабақтар өткізді. Сабақтар барысында геология ғылымының негізгі бағыттары, пайдалы қазбаларды зерттеу, далалық зерттеу әдістері және олимпиадалық дайындық мәселелері қарастырылды.
Аталған іс-шара кафедраның республика мектептерімен ынтымақтастығын дамытуға, мектеп оқушыларының ғылыми қызығушылығын қолдауға және болашақ жас зерттеушілерді даярлауға бағытталған жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.
