
Психология кафедрасы EHELF 2026 халықаралық алаңында

PhD, Психология кафедрасының доценті Әбдіхалықова Ж.Е. және п.ғ.д., Психология кафедрасының профессоры Меңлібекова Г.Ж. 2026 жылғы 5–6 маусым күндері Астана қаласындағы Nazarbayev University базасында өткен Еуразиялық жоғары білім беру көшбасшылары форумына (EHELF 2026) қатысты.
Форум жаһандық өзгерістер жағдайында жоғары білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында Еуразия елдері мен әлемнің өзге де өңірлерінен университет басшыларын, мемлекеттік органдардың өкілдерін, зерттеушілер мен индустрия көшбасшыларын бір алаңға біріктірді.
«Біз қалыптастыратын болашақ» тақырыбы аясында қатысушылар технологиялық өзгерістерге жауап берудегі университеттердің рөлін, цифрлық трансформация мен жасанды интеллект дәуіріндегі сын-қатерлерді, тұрақты даму мәселелерін, сондай-ақ өзгермелі әлемдегі университеттік көшбасшылықтың маңызын талқылады.
EHELF 2026 форумына қатысу тәжірибе алмасуға, халықаралық озық тәжірибелермен танысуға және заманауи, бәсекеге қабілетті жоғары білім беру жүйесін дамытуға бағытталған кәсіби байланыстарды нығайтуға зор мүмкіндік берді.
#EHELF2026 #NazarbayevUniversity #ЖоғарыБілім #УниверситеттікКөшбасшылық #ХалықаралықЫнтымақтастық #Білім
