
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертацияны табысты қорғау

«8D031 - Психология» білім беру бағдарламасы «8D03103 - Әлеуметтік ғылымдар» мамандарды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте Мусина Жанар Амангельдиевнаның «Жастардың этникалық сәйкестіктің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалды.
Диссертациялық зерттеу әлеуметтiк және этнопсихологияның қазiргi заманғы бағыттары арнасында орындалған және жастардың этникалық сәйкестігін қалыптастырудың ерекшелiктерiн, топаралық өзара iс-қимыл тетiктерiн және полиэтникалық қоғам жағдайында толеранттылықты дамытуға арналған.
Қорғау барысында докторант зерттеудің негізгі нәтижелерін ұсынды, теориялық және әдіснамалық дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті, сондай-ақ диссертациялық кеңес мүшелері мен рецензенттердің сұрақтарына мазмұнды жауаптар берді. Ғылыми кеңесшілер жүргізілген зерттеудің ғылыми жаңалығын, теориялық және практикалық маңыздылығын атап өтті.
Диссертациялық кеңес мүшелерінің дауыс беруінің қорытындысы бойынша Мусина Жанар Амангельдиевнаға «8D03103 - Психология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы бірауыздан шешім қабылданды.
Жанар Амангельдиевнаны диссертацияның сәтті қорғалуымен құттықтаймыз және одан әрі ғылыми жетістіктер, кәсіби өсу және жаңа зерттеу жобаларының іске асырылуын тілейміз!
Докторант диссертациялық кеңеске кәсіби жұмысы, диссертациялық зерттеуді мұқият қарағаны және сындарлы ұсынымдары үшін шынайы алғысын білдіреді. Докторант диссертациялық кеңестiң төрағасы Мамбеталина Алия Сактагановнаға, диссертациялық кеңестiң қызметiне басшылық жасағаны және диссертациялық зерттеулердi дайындау мен қорғау үшiн қолайлы ғылыми орта жасағаны үшiн ерекше ризашылығын бiлдiредi.
