
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Мәдениеттану» білім беру бағдарламасы бойынша тағылмдама

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Мәдениеттану» білім беру бағдарламасының 3-курс докторанттары Маржан Уксукбаева мен Лаззат Кушенова диссертациялық зерттеулерін жүзеге асыру аясында Кастамону университетінде (Түркия) ғылыми тағылымдамадан өтуде. Тағылымдаманың ғылыми кеңесшісі – PhD докторы, Кастамону университетінің профессоры Hacı Ahmet Şimşek.
Тағылымдама барысында докторанттар университет кітапханасындағы ғылыми әдебиеттермен жұмыс жүргізіп, факультеттің білім беру және ғылыми-зерттеу қызметімен танысуда, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамымен диссертациялық зерттеулер бойынша ғылыми кеңестер өткізуде.
Түркияның киелі және тарихи-мәдени мұрасын зерделеу мақсатында докторанттар Кастамону қаласындағы бірқатар маңызды нысандарға барды. Атап айтқанда, Sultan Hatun Türbesi кесенесі мен қаланың тарихи бөлігінде орналасқан Кастамону қамалын, сондай-ақ Түркияның Тәуелсіздік соғысы жылдарындағы әйел-аналардың ерлігіне арналған Кастамону қаласының басты ескерткіші – Шерифе Баджи (Şerife Bacı Anıtı) монументін аралады.
Ғылыми тағылымдама халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға, ғылыми байланыстарды нығайтуға және мәдениеттану саласындағы зерттеу бағыттарын кеңейтуге ықпал етеді.
