
«Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламасының магистранттарына диплом табыстау салтанаты өтті.
Түлектер - 2026
19.06.2026 100

Бүгін 19.06.2026 ж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламасы бойынша екі жылдық ғылыми-педагогикалық бағыттағы білім көшін сәтті тәмамдаған магистранттарға диплом табыстау рәсімі өтті.
Салтанатты шара барысында «Көлік инженериясы» кафедрасының меңгерушісі, профессор Тогизбаева Баглан Болсыновна түлектерді алтын ұя іргелі оқу орнын сәтті аяқтауларымен құттықтап, дипломдарын салтанатты түрде табыс етті.
Қымбатты магистрлер!
Университет қабырғасында алған терең білімдеріңіз бен ғылыми әлеуеттеріңіз биік белестерді бағындыруға жол ашсын! Қадамдарыңыз құтты, еңбектеріңіз жемісті болсын!
Бөлісу:
