
Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткізілетін ғылыми жобалар конкурсының I және II кезеңдері: жас химиктерді ғылыми зерттеулерге тартуды ынталандыру









2023 жылғы 16-17 және 30-31 қазан аралығында Астана қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Ғылыми жобалар байқауының I (онлайн) және II (офлайн) кезеңдеріөтті. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ химия кафедрасының оқытушылары: х.ғ.к., доцент Кусепова Л.А., х.ғ.к., доцент Сейтенова Г.Ж., Phd, доцент м.а. Тосмағанбетова К.С, аға оқытушы Омарова Л.С. «Химия» секциясының ғылыми жобаларын бағалау бойынша сарапшы болуға шақырылды.
Барлық жұмыстар екі санатқа бөлінді: жеке және топтық жобалар болып.Олардың әрқайсысы критерийлер жиынтығы бойынша бағаланды: шығармашылық, ғылыми ойлау, тақырыпты ашу дәрежесі, пайдаланылған зерттеу әдістерінің тиімділігі, шешендік шеберлік және материалдыкөрсету сапасы, топ мүшелерінің үйлестіру деңгейі.
Байқау соңында қазылар алқасының мүшелері теориялық зерттеулерге қатысты сұрақтарға тоқталып, жобаларды қолданбалы түрде жүзеге асыру бойынша ұсыныстар жасады.
Химия кафедрасы жас зерттеуші – химиктердің саналы таңдауын қолдайды және оларды ЕҰУ-не оқуға шақырады.
