
А. Байтұрсынов атындағы № 48 мектеп-лицейінің оқушыларымен кездесу: KAZCUNET жобасы
ЕҰУ жаңалықтары
01.11.2023 262









«Л.Н. Гумилев атындағы» КеАҚ Жаратылыстану ғылымдары факультеті, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Педагогикалық институты және Астана қаласының Білімберу басқармасы арасындағы бірге қызмет ету келісімі аясында 2023 жылдың 20 қазанында А. Байтұрсынов атындағы № 48 мектеп-лицейі базасында 5 сынып оқушыларына жаратылыстану негіздерімен таныстыру мақсатында іс шара өткізілді. Іс шара Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушыларымен бірге «KAZCUNET Балалар университетінің жүйесін құру» жобасы шеңберінде жүргізілді, ондағы мақсат жаратылыстану - математикалық бағыттағы білімді сіңіруде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру. ЕҰУ химия кафедрасынан бұл іс шараға х.ғ.к., доцент Кусепова Л.А. қатысты.
Бөлісу:
