
«Менеджмент» кафедрасының 2-3 курс білім алушылары өндірістік практика есебін сәтті қорғады

«Менеджмент» кафедрасы 2025–2026 оқу жылының академиялық күнтізбесі мен оқу жоспарына сәйкес, 6В04101 – «Менеджмент» және 6В04103 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламаларының 2-3 курс білім алушыларын 2026 жылдың 18 мамыры мен 20 маусымы аралығында өндірістік практикадан өтіп келді.Өндірістік практика білім алушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға, кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және болашақ мамандығы бойынша практикалық тәжірибе жинақтауына бағытталды. Практика барысында білім алушылар түрлі мекемелер мен ұйымдардың қызметімен танысып, басқару үдерістеріне қатысып, құжаттармен жұмыс істеу, ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асыру, талдау жұмыстарын жүргізу және кәсіби міндеттерді орындау бойынша маңызды тәжірибе жинақтады. Практика қорытындысы бойынша кафедрада білім алушылардың өндірістік практика есебін қорғау жұмыстары өткізілді. Есептерді қабылдау және бағалау барысында практика жетекшілері Е.М. Әбенов, Г.С. Жансейтова, Қ.Т. Ауезова және А.А. Сейсенбинова білім алушылардың есептерін мұқият тексеріп, олардың практика кезеңінде атқарған жұмыстарын саралады. Сонымен қатар, практика жетекшілері университеттің «Smart» ақпараттық жүйесі арқылы білім алушыларға берілген жеке тапсырмалардың орындалуын тексеріп, қорытынды бағалау үшін комиссия мүшелерінің қарауына ұсынды. Өндірістік практика нәтижелері білім алушылардың кәсіби даярлығының артып, басқару саласындағы практикалық дағдыларының қалыптасқанын көрсетті. Кафедра ұжымы білім алушылардың өндірістік практикадан табысты өтіп, құнды тәжірибе жинақтағандарын атап өтіп, алдағы оқу және кәсіби қызметтерінде жоғары жетістіктерге жетулеріне тілектестік білдіреді.
