
Әлеуметтану кафедрасының оқытушылары Испаниядағы халықаралық конференцияда ғылыми зерттеу нәтижелерімен бөлісті

2026 жылдың 10-12 маусым аралығында Испанияның Барселона қаласында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтану кафедрасының аға оқытушылары, SOLID халықаралық жобасының ғылыми қызметкерлері Аяжан Қуатова мен Гүләзия Исахова АИТВ-инфекциясы мен вирустық гепатиттер саласындағы емдеудің заманауи стратегиялары, клиникалық вирусология, молекулалық эпидемиология және қоғамдық денсаулық сақтау мәселелеріне арналған халықаралық конференцияға қатысты.
Конференция барысында зерттеушілер Қазақстандағы созылмалы С гепатитімен ауыратын пациенттердің өмір сүру сапасы мен олардың физикалық және психологиялық әл-ауқатына әсер ететін әлеуметтік факторларды талдауға арналған «Social Determinants of Health-Related Quality of Life in Patients with Chronic Hepatitis C in Kazakhstan» тақырыбындағы баяндаманы ұсынды.
Конференция вирустық гепатиттердің алдын алу, диагностикалау және емдеу саласындағы халықаралық тәжірибемен танысуға, сондай-ақ шетелдік әріптестермен болашақ ғылыми ынтымақтастықтың перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді.
Іссапар қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік жұмыс салаларындағы ғылыми әлеуетті, халықаралық ынтымақтастықты және зерттеулерді дамытуға бағытталған SOLID (Social Work and Strengthening NGOs in Development Cooperation to Treat Drug Addiction) халықаралық жобасының қолдауымен жүзеге асырылды.
