
Өзбекстан ұлттық зерттеу университетінің оқытушылары ЕҰУ-да шет тілдерін оқыту әдістемесі бойынша дәрістер оқыды

ЕҰУ филология факультетінің шет тілдерінің теориясы мен практикасы кафедрасында "Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты" Ұлттық Зерттеу университетінің (Өзбекстан) шет тілдерін оқыту әдістемесі саласындағы мамандары бакалавриаттың бітіруші курс студенттеріне арналған "шет тілдерін оқытудың арнайы бағытталған әдістемесі" және "шет тілдерін оқыту әдістемесі" курсы бойынша дәрістер оқыды.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, шетел тілдерін оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедра меңгерушісі Гүлноз Сабирова, PhD докторы, шетел тілдерін оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті Барнохон Саматова, PhD докторы, шетел тілдерін оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Камола Алаутдинова бірқатар іс-шаралар өткізді.
Іссапар аясында оқытушылар бакалавриат төртінші курс студенттеріне арналған "шет тілін оқытудың арнайы бағытталған әдістемесі" және "шет тіліндегі білім беру әдістемесі" курсы бойынша дәрістер оқыды және магистранттармен тілдерді оқытуда веб-технологияларды қолдану туралы ақпаратпен бөлісті.
Әлеуметтік конструктивизм және мінез-құлық ерекшеліктері туралы дәріс студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды. Ташкенттік әріптестер өткізген дәрістер мен семинарлардың деңгейі олардың үлкен халықаралық тәжірибесінің дәлелі болып табылады – профессорлар Норвич тілдерді даярлау институтының (Ұлыбритания), Орегон университетінің (АҚШ) стипендиаттары болып табылады. PhD докторы Алаутдинова К.М ағылшын тілі оқытушысының ең жоғары халықаралық біліктілігін растайтын – Celta сертификатының иегері.
Шетелдік әріптестердің іссапары бағдарламасы “TIIAME NRU of Uzbekistan Welcomes You”, тақырыбындағы семинарды қамтыды, нәтижесінде шетел тілдерінің теориясы мен тәжірибесі кафедрасының студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысып, келесі оқу жылында Өзбекстанның Ұлттық Зерттеу университетіне бару туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ факультет деканы А.Бейсенбаймен және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры А. Кармелюкпен кездесулер өтті. Екі жоғары оқу орнының ынтымақтастығының басым міндеттерінің бірі – бірлескен ғылыми жарияланымдар, қос дипломды білім беру бағдарламаларын дамыту және QS рейтингіне қатысу.
