
Көлік инженериясы кафедрасының ғалымы «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды

Университетіміздің мерейлі 30 жылдық мерекесі аясында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығымен, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге және оны ғылым мен білім саласында ілгерілетуге сіңірген ерен еңбегі үшін Көлік инженериясы кафедрасының Техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Каражанов Абдикарим Алмаханович «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Абдикарим Алмаханович — көптеген жылдар бойы ұлттық техникалық білім беру жүйесін дамытуға, көлік саласындағы қазақ тілді білікті мамандарды даярлауға және ғылыми терминологияны қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосып келе жатқан ұлағатты ұстаз, көрнекті ғалым.
Кафедра ұжымы мен студенттер қауымы Абдикарим Алмахановичты осынау жоғары және лайықты марапатымен шын жүректен құттықтайды! Сөз өнері мен ғылымды қатар ұштастырған ұстазымызға зор денсаулық, отбасына амандық және ғылыми-педагогикалық қызметте жаңа белестер мен шығармашылық табыстар тілейміз!
