
Көлік-энергетика факультеті Қазақстан Республикасы – 2026 жоғары оқу орындарының тәуелсіз сұраныс рейтингінің көшбасшыларының қатарына енді

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының сұранысқа ие білім беру бағдарламаларының тәуелсіз рейтингі – 2026 нәтижелері жарияланды. Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (IAAR) жүргізген рейтинг қорытындысы бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Көлік-энергетика факультеті кадрлар даярлау сапасының жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеп, бірқатар даярлау бағыттары мен білім беру бағдарламалары бойынша көшбасшы орындарға ие болды.
Айтарлықтай жетістіктерге «Жылуэнергетика» кафедрасы қол жеткізді. Кафедраның білім беру бағдарламалары келесі нәтижелерді көрсетті:
• бакалавриат – I орын;
• магистратура – III орын;
• докторантура – II орын.
Факультеттің келесі білім беру бағдарламалары да рейтингте жоғары орындарға ие болды:
• В062 «Электротехника және энергетика» – III орын;
• В065 «Автокөлік құралдары» – III орын;
• В095 «Көлік қызметтері» – II орын;
• М152 «Логистика (салалар бойынша)» – III орын;
• D104 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» – III орын.
Қол жеткізілген нәтижелер факультеттің білім беру қызметінің жоғары сапасын, профессор-оқытушылар құрамының кәсібилігін, іске асырылып жатқан білім беру бағдарламаларының тиімділігін және еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижелілігін айқын көрсетеді.
Көлік-энергетика факультетінің ұжымын жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз және профессор-оқытушылар құрамына, қызметкерлер мен білім алушыларға факультет пен университеттің академиялық беделін нығайтуға қосқан үлестері үшін зор алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта жаңа ғылыми-білім беру жетістіктерін, толағай табыстар мен жаңа белестерді бағындыруды тілейміз!
