
ЕҰУ-дың 17 білім беру бағдарламасы FIBAA халықаралық аккредиттеуінен өтті

ЕҰУ FIBAA Халықаралық іскерлік-әкімшілендіру аккредитациясы қорынан білім беру бағдарламалары бойынша мамандандырылған халықаралық аккредитациядан сәтті өтті. 19 маусымында FIBAA аккредиттеу және сертификаттау комитеті (FACC) 17 білім беру бағдарламасы халықаралық аккредиттеу талаптарына сәйкес деп шешті.
Келесі білім беру бағдарламалары халықаралық деңгейде мойындалды:
1. 6В04104 - Есеп және аудит,
2. 7М04104 - Есеп және аудит,
3. 6В04114 – Қаржы,
4. 7М04114 – Қаржы,
5. 8D04114 (6D050900) – Қаржы,
6. 6В11105 – Туризм,
7. 7М11105 – Туризм,
8. 8D11105 (6D090200) – Туризм,
9. 8D04102 (6D050600) – Экономика.
10. 6В04201 – Құқықтану,
11. 7М04201 – Құқықтану,
12. 8D04201 (6D030100) – Құқықтану,
13. 6В04103 – Мемлекеттік және жергілікті басқару,
14. 7М04103 – Мемлекеттік және жергілікті басқару,
15. 6В04121 – Мемлекеттік аудит,
16. 7М04120 – Мемлекеттік аудит,
17. 8D04121 (6D052100) – Мемлекеттік аудит.
Бағалау қорытындысы бойынша барлық білім беру бағдарламалары ең көп - 7 жыл мерзімге аккредиттелді және FIBAA сапа мөрімен марапатталды.
FIBAA сапа белгісін алу білім беру бағдарламаларының заманауи халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетінін, білім беру үрдісінің ашықтығын көрсететінін және ең үздік халықаралық тәжірибелерге берілгендігін растайды.
Университет кафедраларын, оқытушылар құрамын және қызметкерлерін мамандандырылған халықаралық аккредитациядан сәтті өтулерімен құттықтаймыз!
Сізге әрі қарай кәсіби табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!
Анықтама үшін: FIBAA (Foundation for International Business Administration Accreditation) – іскерлік басқару, экономика, менеджмент, құқық және соған байланысты салалардағы білім беру бағдарламаларын бағалау мен аккредиттеуге маманданған жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық агенттік.
