
Оралбекова Құралай Оралбекқызы докторлық диссертациясын сәтті қорғады

2026 жылғы 22 маусымда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Оралбекова Құралай Оралбекқызының «6D011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша «Оқушының тілдік тұлғасын қалыптастыру (Абай шығармалары негізінде)» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы өтті. Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде орындалды.
Зерттеудің мақсаты – Абай шығармашылығын оқыту арқылы оқушының тілдік тұлғасын қалыптастыруға ықпал ететін деңгейлік шығармашылық тапсырмаларға негізделген тіл дамыту әдістемесін ұсыну. Зерттеу барысында көптілді білім беру жағдайында тілдік тұлғаны қалыптастырудың лингводидактикалық негіздері айқындалып, Абай шығармалары негізінде оқушының танымдық, тілдік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді әдістемелік жүйе ұсынылды.
Отандық ғылыми кеңесшісі – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қапантайқызы Шынар, шетелдік ғылыми кеңесшісі – PhD докторы, профессор Нергиз Бирай (Памуккале университеті, Түркия).
Дауыс беру нәтижесі бойынша Оралбекова Құралай Оралбекқызына «8D017 – Тілдер және әдебиет бойынша педагогтерді даярлау» кадрларды даярлау бағыты бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы шешім қабылданды.
Оралбекова Құралай Оралбекқызын диссертациясын сәтті қорғауымен және философия докторы (PhD) дәрежесін алуымен шын жүректен құттықтаймыз!
