
Асанбаева Елдана Бахытовна докторлық диссертациясын сәтті қорғады

2026 жылғы 22 маусымда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Асанбаева Елдана Бахытовнаның «6D011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша «Қазақ тілін оқытуда кино дискурсын қолданудың лингводидактикалық негіздері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы өтті. Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде орындалды.
Зерттеудің мақсаты – қазақ тілін оқытуда кино дискурсын қолданудың теориялық-әдіснамалық және лингводидактикалық негіздерін кешенді түрде айқындау, оның көпмодальды, прагматикалық және лингвомәдени әлеуетін ғылыми тұрғыдан жүйелеу, аудиовизуалды қабылдауды дербес тілдік-танымдық дағды ретінде негіздеу, Т1 және Т2 аудиторияларға арналған кино дискурсына негізделген модульдік оқыту бағдарламасы мен жаттығулар жүйесін әзірлеу және олардың тиімділігін педагогикалық эксперимент нәтижелері арқылы дәлелдеу.
Отандық ғылыми кеңесшісі – филология ғылымдарының кандидаты, профессор Сарекенова Қарлығаш Құрманғалиқызы, шетелдік ғылыми кеңесшісі – ғылым докторы, профессор Ибрахим Шахин (Эге университеті, Түркия).
Дауыс беру нәтижесі бойынша Асанбаева Елдана Бахытовнаға «8D017 – Тілдер және әдебиет бойынша педагогтерді даярлау» кадрларды даярлау бағыты бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы шешім қабылданды.
Асанбаева Елдана Бахытовнаны диссертациясын сәтті қорғауымен және философия докторы (PhD) дәрежесін алуымен шын жүректен құттықтаймыз!
