
Аубакирова Аида Еркеновна докторлық диссертациясын сәтті қорғады

2026 жылғы 25 мамырда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Аубакирова Аида Еркеновнаның «8D01717 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша «Қазақ тіліндегі жаңа терминдер: жасалуы мен қолданысы (теориялық-әдістемелік сипаты)» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы өтті. Диссертация 2021-2024 жылдар аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қазақ тіл білімі» кафедрасында орындалды.
Зерттеудің мақсаты – қазақ тіліндегі жаңа терминдердің жасалу жолдарын, қолданыс ерекшеліктерін, олардың қалыптасу үдерісін, тілдік табиғатын және теориялық-әдістемелік негіздерін кешенді түрде зерделеу. Сонымен қатар қазіргі қазақ тіліндегі жаңа терминдердің жасалу жолдарын айқындап, олардың ғылыми айналымдағы және білім беру үдерісіндегі қолданысын теориялық және лингводидактикалық тұрғыдан саралау көзделді.
Диссертациялық жұмыстың отандық ғылыми жетекшісі – ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы.
Дауыс беру нәтижесі бойынша Аубакирова Аида Еркеновнаға «8D017 – Тілдер және әдебиет бойынша педагогтерді даярлау» кадрларды даярлау бағытының «8D01717 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы шешім қабылданды.
Аубакирова Аида Еркеновнаны диссертациясын сәтті қорғауымен және философия докторы (PhD) дәрежесін алуымен шын жүректен құттықтаймыз! Ғылыми-зерттеу қызметіне толағай табыс, жаңа ғылыми жетістіктер мен шығармашылық табыс тілейміз!
