
Мнайдарова Мирамгуль Сергужаевна докторлық диссертациясын сәтті қорғады

2026 жылдың 24 маусымында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Мнайдарова Мирамгуль Сергужаевнаның «8D02305 - Филология» білім беру бағдарламасы бойынша «Қазақ және түрік тілдеріне ортақ антропонимдердің морфологиялық және деривациялық құрылымы» тақырыбында диссертация қорғауы өтті. Диссертация 2020-2023 жылдар аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қазақ тіл білімі» кафедрасында орындалды.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты – қазақ және түрік тілдеріндегі ортақ антропонимдердің морфологиялық және деривациялық құрылымын анықтау. Сонымен қатар қазақ және түрік антропонимдерін салыстырмалы-типологиялық тұрғыдан талдап-зерттеу.
Отандық ғылыми жетекшісі филология ғылымдарының кандидаты, Еуразия ұлттық университеті Қазақ тіл білімі кафедрасының профессор м.а. Гүлнәр Әдебиетқызы Сәрсеке, шетелдік ғылыми кеңесшісі философия докторы (PhD), Еге университеті Түркі әлемін зерттеу институтының профессоры Ибрахим Шахин (Еге университеті, Измир, Түркия).
Дауыс беру нәтижесі бойынша М.С.Мнайдароваға «8D023 – Тілдер және әдебиет» («8D02305 – Филология», «6D020500 – Филология», «8D02314 – Әдебиеттану», «6D021300 – Әдебиеттану» мамандықтары) кадрларды даярлау бағытының аталған бейіні бойынша PhD докторы дәрежесін беру туралы шешім қабылданды.
Мнайдарова Мирамгуль Сергужаевнаның сәтті қорғауымен және PhD философия докторы дәрежесін алуымен құттықтаймыз!
