
ENU Graduate School of Business алғашқы түлектері диплом алды

ENU Graduate School of business-тің алғашқы 22 түлегі, оның ішінде табысты кәсіпкерлер, ірі компаниялар мен мемлекеттік ұйымдардың басшылары дипломдарын алды. Бір жыл бойы тыңдаушылар бизнес пен басқару саласында мол тәжірибесі бар шетелдік сарапшылардан көшбасшылық, корпоративтік оқыту және стратегиялық менеджмент бағыттары бойынша біліммен сусындады.
Түлектерді ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, ЕҰУ Директорлар кеңесінің мүшесі Әділхан Киршибеков, Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қанат Алин және Қазақстан Құрылысшылар одағының президенті Бақытжан Ақан құттықтады.
Салтанатты шарада сөз сөйлеген түлектер – «ҚазТрансОйл» АҚ операторлық қызметтер департаментінің директоры Нұрлыбай Беков пен «ҚР авиациялық әкімшілігі» АҚ атқарушы директоры Жәнібек Шәріпбаев университет басшылығы мен ENU Graduate School of Business ұжымына алғыстарын жеткізді.
Нұрлыбай Беков пен Жәнібек Шәріпбаев университет басшылығына және ENU Graduate School of Business ұжымына алғыстарын білдірді.
