
2026 жылғы 29 маусымда ENU Graduate School of Business мектебінде Executive MBA бағдарламасының түлектеріне диплом тапсыру салтанатты рәсімі өтті — бұл ENU Graduate School of Business тарихындағы алғашқы шығарылым.
2026 жылғы 29 маусымда ENU Graduate School of Business мектебінде Executive MBA бағдарламасының түлектеріне диплом тапсыру салтанатты рәсімі өтті — бұл ENU Graduate School of Business тарихындағы алғашқы шығарылым.
Дипломды 22 түлек алды. Олардың арасында ірі компаниялар мен мемлекеттік ұйымдардың топ-менеджерлері, сондай-ақ бизнес иелері бар. ENU GSB үшін осындай деңгейдегі мамандармен жұмыс істеу және оларды осы білім беру жолында қолдау көрсету үлкен мәртебе болды.
Түлектерге құттықтау сөзін Басқарма төрағасы, университет ректоры – Ерлан Батташұлы Сыдықов және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Директорлар кеңесінің мүшесі – Адильхан Киршибеков арнады.
Сондай-ақ түлектерді Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қанат Алин және «Қазақстан құрылысшылар одағының» президенті Бахытжан Ақан құттықтады.
Өз сөздерінде түлектер «ҚазТрансОйл» АҚ операторлық қызметтер департаментінің директоры — Нұрлыбай Беков, және «ҚР Авиациялық әкімшілігі» АҚ атқарушы директоры — Жәнібек Шәріпбаев, есімді түлектер университет басшылығына, мектеп директоры Армияш Иргебекқызы Нұрмағамбетоваға және ENU Graduate School of Business командасына алғыс білдірді.
ENU Graduate School of Business университет басшылығына — басқарма төрағасы, ректор Ерлан Батташұлы Сыдыковқа және ENU Graduate School of Business-ті қадағалаушы проректор, басқарма мүшесі, стратегиялық даму және интернационализация жөніндегі проректор Думан Рамазанұлы Айтмағамбетовқа ерекше алғыс білдіреді.Басшылықтың қолдауы мен жобаға сенімі арқасында бүгінде ENU GSB қалыптасты және осы салтанатты рәсім жүзеге асты.
ENU Graduate School of Business Executive MBA бағдарламасының түлектерін шын жүректен құттықтайды және оларға кәсіби өсу, жаңа белестер мен мансап жолындағы жетістіктер тілейді. ENU GSB өз түлектерімен мақтанады және әлемдік деңгейдегі іскерлік білім беру бағдарламаларын дамытуды жалғастырады.
