
Мемлекеттік марапат

2026 жылдың 1-шілдесінен бастап мемлекетіміздің Негізгі Заңының күшіне енуі жаңа саяси-құқықтық дамудың басталғанын көрсететеді. Жаңа Конституция мемлекеттік басқару жүйесін,адам құқықтарын қорғау механизмдерін және үш билік тармағының жұмыс істеу қағидаттарын қамтитын мемлекеттің саяси сәулетін жүйелі түрде өзгертеді.Жаңа Конституция Қазақ елінің қызметінің негізін құраушы қағидаттарының жүйесін одан әрі кеңейтеді.Олардың қатарына Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету, ұлтаралық бірлік пен қоғамдық татуластықты бекемдеу, халықтың әл-ауқатын арттыру және қоғамдық диалогты дамыту. Елдің тәуелсіздігінің тұғыры мен іргетасын қорғап, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіре түсуге мемлекеттік қызметшілер, академиялық институттар, ғылыми және саяси зерттеулер орталықтары, заңгер ғалымдар атсалысады.
Конституцияны түсіндіру, заңдылықты нығайту және құқықтық мәдениетті дамытудағы үлесі үшін, Заң факультеті конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Ж.И.Ибрагимов Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.
