
2026–2027 оқу жылындағы шығармашылық емтихандарға дайындық барысы талқыланды

Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ардақ Бейсенбайдың, 2026–2027 оқу жылына қабылдау комиссиясының техникалық хатшыларының, сондай-ақ факультет деканының орынбасары, жоғары мектеп директорларының орынбасарлары және кафедра меңгерушілерінің қатысуымен шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары бойынша шығармашылық емтихандарды өткізуге дайындық мәселелеріне арналған кезекті отырыс өтті.
Отырыста шығармашылық емтихандарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі, қабылдау науқанының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету, техникалық хатшылардың міндеттері, сондай-ақ емтихан процесін қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің аға офицері Аңсаған Менебаева қабылдау науқаны барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақтау, академиялық адалдық қағидаттарын ұстану, мүдделер қақтығысына жол бермеу, кез келген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Отырыс барысында шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайтын Сәулет-құрылыс факультеті деканының орынбасары, Білім жоғары мектебі және Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі директорларының орынбасарлары сөз сөйлеп, шығармашылық емтихандарды өткізуге дайындық барысы, қабылданған ұйымдастырушылық шаралар және емтихандарды өткізуге әзірлік деңгейі туралы баяндады.
Отырысқа қатысушылар ұсынылған шараларды белсенді талқылап, шығармашылық емтихандарды өткізудің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін қажетті қадамдарды қолдауға және қабылдауға дайын екендіктерін білдірді.
