
Кемелбекова Эльмира Абденовна докторлық диссертациясын сәтті қорғады!

2026 жылдың 24 маусымында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Кемельбекова Эльмира Абденовнаның «8D02305 - Филология» білім беру бағдарламасы бойынша «Қолданбалы геометрия терминдерінің семантикалық модификациясы» тақырыбында диссертация қорғауы өтті. Диссертация 2020-2023 жылдар аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қазақ тіл білімі» кафедрасында орындалды.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты – қазақ тіліндегі қолданбалы геометрия терминдерінің семантикалық модификациялану еркшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыда саралау..
Отандық ғылыми жетекшісі филология ғылымдарының докторы, Еуразия ұлттық университеті Қазақ тіл білімі кафедрасының профессор м.а. Гүлбаршын Олжабайқызы Сыздықова, шетелдік ғылыми кеңесшісі филология ғылымдарының докторы, профессор, Гульнур Харуновна Бухарова филология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ғылым академиясы Уфа федералдық ғылыми-зерттеу орталығының Тарих, тіл және әдбиет институты (Уфа, Ресей Федерациясы).
Дауыс беру нәтижесі бойынша Э.А.Кемльбековаға «8D023 – Тілдер және әдебиет» («8D02305 – Филология», «6D020500 – Филология», «8D02314 – Әдебиеттану», «6D021300 – Әдебиеттану» мамандықтары) кадрларды даярлау бағытының аталған бейіні бойынша PhD докторы дәрежесін беру туралы шешім қабылданды.
Кемельбекова Эльмира Абденовнаның сәтті қорғауымен және PhD философия докторы дәрежесін алуымен құттықтаймыз!
