
Букаева Анар Айткалиевна докторлық диссертациясын сәтті қорғады!

2026 жылғы 29 маусымда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Букаева Анар Айткалиевнаның «6D011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша «Қазақ заңгерлік дискурсының ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы өтті. Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде орындалды.
Зерттеудің мақсаты –қазақ заңгерлік дискурсының теориялық негіздерін зерделеу, болашақ заңгерлердің кәсіби дискурсын қалыптастырудың лингводидактикалық өлшемшарттарын анықтап, тиімді жолдарын ұсыну.
Отандық ғылыми кеңесшісі – филология ғылымдарының докторы, доцент, профессор Сыздыкова Гульбаршын Олжабаевна, шетелдік ғылыми кеңесшісі – PhD докторы, профессор Нергиз Бирай (Памуккале университеті, Түркия).
Дауыс беру нәтижесі бойынша Букаева Анар Айткалиевнаға «8D017 – Тілдер және әдебиет бойынша педагогтерді даярлау» кадрларды даярлау бағыты бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы шешім қабылданды.
Букаева Анар Айткалиевнаны диссертациясын сәтті қорғауымен және философия докторы (PhD) дәрежесін алуымен шын жүректен құттықтаймыз!
