
ЕҰУ-да шетелдік талапкерлерді қабылдау үшін онлайн сұхбаттасу өтуде

14 шілдеден бастап шетелдік талапкерлер Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне оқуға түсу үшін онлайн форматта сұхбаттасудан өтуде. Бүгінгі күнге дейін университетке 500-ге жуық өтінім түсті.
Қабылдау комиссиясының техникалық хатшыларының, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің айтуынша, шетелдік талапкерлер арасында «Аударма ісі», «География педагогтерін даярлау», «Информатика», «Физика мұғалімдерін даярлау» және «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламаларына қызығушылық жоғары.
Биыл университетке Армения, Германия, Грекия, Әзірбайжан, Қырғыз Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Америка Құрама Штаттары, Қытай Халық Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Түрікменстан және Украина азаматтары құжат тапсыруда.
Қабылдау комиссиясының жұмысына Түрікменстан мен Ауғанстаннан келген ЕҰУ-дың шетелдік студент-еріктілері белсенді қолдау көрсетуде. Олар талапкерлерге ұйымдастырушылық мәселелер бойынша көмек көрсетіп, қабылдау науқанының тиімді өтуіне өз үлестерін қосуда.
Онлайн сұхбаттасу 26 шілдеге дейін жалғасады. Ал шетелдік талапкерлерден құжат қабылдау 25 шілдеге дейін жүргізіледі.
