
Астанада өткен Қазақстандағы жоғары білімді интернационализациялау мәселелері мен болашағына арналған халықаралық дөңгелек үстел: перспективалар мен сын-қатерлер

2026 жылдың 07 шілдесінде Астанада Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің аймақтану кафедрасының ұйымдастыруымен "Қазақстанның жоғары білім беруді интернационалдандыру мәселелері мен перспективалары" атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шара AP26100283 "Қазақстандағы жоғары білім беруді интернационалдандыру: жаһандық білім беру кеңістігіне интеграциялаудың сын-қатерлері мен перспективалары"гранттық жобасы шеңберінде өткізіледі. Дөңгелек үстел форматы – күндізгі, халықаралық конференция Holiday Inn Express Astana – Turan - IHG Hotels & Resorts конференц залында өтті Сондай-ақ тимс платформасы арқылы қатысушыларды онлайн-қосу мүмкіндігі берілді https://teams.microsoft.com/meet/49551081061656?p=X1DeaQMJOPVSoNCR6W. жұмыс тілдері-қазақ, орыс ағылшын және корей.
Халықаралық дөңгелек үстелге Кореяның халықаралық зерттеулер қауымдастығы (KAIS — Korean Association of International Studies) қатысты — бұл 1956 жылы құрылған Оңтүстік Кореяның халықаралық қатынастар және саясаттану саласындағы ең көне және беделді академиялық бірлестіктерінің бірі. Спикер ретінде Оңтүстік Кореяның әріптестері Jeong han-beom, Корея Ұлттық қорғаныс университетінің профессоры, Кореяның халықаралық зерттеулер қауымдастығының президенті сөз сөйлеп, Қазақстан мен Оңтүстік Корея ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті. Choi Yong-seop, Санмун университетінің профессоры, Кореяның халықаралық зерттеулер қауымдастығының ғылыми директоры, Byun Hyun-seop, Кеймен университетінің профессоры, Кореяның халықаралық зерттеулер қауымдастығының Орталық Азия комитетінің төрағасы, Yeon Dam-rin, Кореяның Қорғаныс зерттеулері институтының аға ғылыми қызметкері, Кореяның халықаралық зерттеулер қауымдастығының ғылыми хатшысы.
Жоба жетекшісі PhD докторы, профессор Оспанова А. Н. жоғары білім беруді интернационалдандыру, профессор - оқытушылар құрамы мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту арқылы екі ел арасындағы ынтымақтастықты атап өтті. Іс-шара барысында Қазақстанның интернационалдандыру саласындағы мемлекеттік саясаты, Академиялық ұтқырлық, халықаралық рейтингтер, бірлескен білім беру бағдарламалары, трансұлттық білім беру, цифрлық трансформация және халықаралық жоғары білім беруде жасанды интеллектті қолдану мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша атқарушы органдар мен университет қауымдастығы үшін практикалық ұсынымдар дайындалды.
