
ЕҰУ-дың Студенттер үйлеріне орналасуға өтініш қабылдау кезең-кезеңімен жүргізілуде

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 2026–2027 оқу жылына Студенттер үйлеріне орналасуға өтініш қабылдау жалғасуда.
Студенттер үйінен орын алу үшін өтінішті Platonus https://edu.enu.kz
ақпараттық жүйесі арқылы беру қажет.
Өтініш қабылдау білім алушының оқу курсына сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылады:
10–25 тамыз – 1 курс студенттері;
25–31 тамыз – 2–5 курс студенттері;
29–31 тамыз – магистранттар мен докторанттар.
Бірінші курс студенттерін орналастыру факультеттер бойынша ұйымдастырылады. Орналасу кестесі, Студенттер үйлерінің мекенжайлары, қажетті құжаттар тізімі және басқа да өзекті ақпарат ЕҰУ-дың ресми сайтындағы «Талапкерлерге» – «Студенттік және қызметтік тұрғын үй департаменті» бөлімінде жарияланған.
Орналасу кезінде студенттер тұру ақысын 100% көлемінде толық төлеуі қажет. Қажетті құжаттарды алдын ала дайындап, белгіленген күні өзімен бірге алып келу керек.
Қажетті құжаттар тізімі
Студенттер үйлеріне орналасу бойынша сұрақтар туындаған жағдайда төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:
+7 (7172) 70-95-00, (ішкі нөмірі 39-113)
+7 (7172) 70-95-68
