
Сайлау-2026: Науқан нәтижелері және жаңа саяси дәуірдің басталуы

2026 жылдың 24 тамызында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің оқытушылары 2026 жылдың 23 тамызында өткен Қазақстан Республикасының Құрылтайына сайлауды талқылауға қатысты. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сарапшылық алаңында өткен кездесу «Сайлау 2026: Науқан нәтижелері және жаңа саяси дәуірдің басталуы» деп аталды.
Шақырылған қонақтардың арасында: Италия Азия институтының бас хатшысы - Доменико Палмиери (Италия), Хадсон институтының аға ғылыми қызметкері - Кен Мориясу (Қытай), халықаралық қатынастар және адам құқықтары жөніндегі сарапшы, швейцариялық журналист және Geneva Times газетінің бас редакторы - Муиз Вахабдин және басқа да шетелдік қонақтар Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан саяси реформаларды демократияға қарай жаңа қадам мен жаңа халықаралық сын-қатерлерге бейімделудің қажетті шарттары ретінде жоғары бағалады.
