
Көлік-энергетика факультеті: 454 жас талапкердің таңдауы!

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Көлік-энергетика факультетіне 2026–2027 оқу жылына 454 студент қабылданды.
Жаңа оқу жылында факультет студенттерінің арасында оқу үлгерімі мен жетістіктері жоғары талапкерлердің үлесі де айтарлықтай.
Қабылдау нәтижелері бойынша:
66 студент — «Алтын белгі» иегері;
81 студент — аттестатпен үздік нәтиже көрсеткен түлек;
15 студент — халықаралық сертификат иегері.
Бұл көрсеткіштер Көлік-энергетика факультетінің талапкерлер арасында сұранысқа ие екенін және білім сапасына жоғары талап қоятын жастардың таңдауына айналғанын көрсетеді.
Жас студенттерді факультет ұжымының атынан құттықтаймыз! Сіздерге жаңа оқу жылында сәттілік, биік белестер және жарқын жетістіктер тілейміз!
Көлік-энергетика факультеті — болашақ мамандардың кәсіби жолын қалыптастыратын білім мен мүмкіндіктер алаңы!
