
Көлік-энергетика факультетінде жаңа оқу жылына арналған алғашқы факультет кеңесінің отырысы өтті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Көлік-энергетика факультетінде 2026–2027 оқу жылының алғашқы факультет кеңесінің отырысы өтті.
Факультет деканы Кокаев Өміржан Шералиевичтің төрағалығымен өткен кеңес отырысына кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы және факультеттің жауапты қызметкерлері қатысты.
Отырыс барысында жаңа оқу жылына дайындықтың негізгі бағыттары қарастырылып, факультеттің оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық жұмыстарына қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
Атап айтқанда, білім алушылар контингентін қалыптастыру, оқу процесін тиімді ұйымдастыру, кадрлық мәселелер, білім беру бағдарламаларын іске асыру, студенттердің оқу үлгерімі мен академиялық жетістіктерін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар жаңа оқу жылында факультет қызметінің сапасын арттыру, профессор-оқытушылар құрамының кәсіби әлеуетін дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру және білім алушылар үшін қолайлы академиялық орта қалыптастыру бағыттары талқыланды.
Факультет деканы жаңа оқу жылында алдыға қойылған міндеттердің сапалы әрі уақытылы орындалуының маңыздылығын атап өтіп, ұжымның бірлескен жұмысы факультеттің одан әрі дамуы мен жоғары нәтижелерге қол жеткізуінің негізгі факторларының бірі екенін атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша факультеттің алдағы кезеңге арналған басым міндеттері айқындалып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді. Жаңа оқу жылын жүйелі әрі жоғары деңгейде ұйымдастыру бойынша нақты ұсыныстар қарастырылды.
Көлік-энергетика факультеті жаңа оқу жылында білім сапасын арттыруға, заманауи талаптарға сай бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға және білім алушыларға жаңа мүмкіндіктер ұсынуға бағытталған жұмыстарды жалғастырады.
Жаңа оқу жылы Көлік-энергетика факультетінің ұжымы мен білім алушылары үшін табысты, жемісті әрі жаңа жетістіктерге толы болсын!
