
Профессор ғылыми атағының берілуімен құттықтаймыз!

Психология кафедрасының ұжымы педагогика ғылымдарының докторы, психология кафедрасының профессор м.а. Нагымжанова Қарақат Мұкашевнаға профессор ғылыми атағының берілуімен шын жүректен құттықтайды!
2026 жылғы 19 тамыздағы № 618 шешімге сәйкес, Қарақат Мұкашевнаға «Білім» (50300) бағыты бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
Бұл айтулы кәсіби жетістік – Қарақат Мұкашевнаның ғылыми-педагогикалық қызметтегі жоғары кәсібилігінің, көп жылғы еңбегінің және психологиялық ғылым мен білім беруді дамытуға қосқан елеулі үлесінің лайықты мойындалуы.
Қарақат Мұкашевнаға ғылыми және педагогикалық қызметінде толағай табыстар, жаңа кәсіби жетістіктер, шығармашылық шабыт, талантты шәкірттер және ғылыми идеяларының жүзеге асуын тілейміз!
Құттықтаймыз және жаңа белестер тілейміз!
