
«Green флаг, red флаг»? ЕҰУ студенттері салауатты қарым-қатынасты ажыратуды үйренді

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ң, Экономика және туризм жоғары мектебінің «Туризм» кафедрасының меңгерушісі Ляйля Муталиеваның басқаруымен Отбасы-сыйластықтың, ынтымақтастық пен сүйіспеншіліктің қайнар көзі тақырыбына орай Отбасы күніне арналған апталық шеңберінде студенттерге арналған «Сау қарым-қатынас: green флаг, red флаг» деп аталатын Интерактивті тренинг ұйымдастырылды.
Тренингтің негізгі мақсаты: Жастар арасында деструктивті («red flag») және сау («green flag») қарым-қатынастардың белгілерін ажыратуды үйрету, Отбасылық құндылықтарды, өзара сыйластық пен эмоционалды мәдениетті қалыптастыру, студенттердің спикерлермен ашық диалог құрып, пікір алмасуына жағдай жасау болып табылды.
Тренингті алдыңғы сөзбен Экономика және туризм жоғары мектебінің деканы Асемгуль Капенова ашты.
Іс -шараға мемлекеттік, қоғамдық және академиялық саланың өкілдері - Республикалық Аналар алқасы төрағасының кеңесшісі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері – Камал Әлпейісова, Республикалық Аналар алқасы төрағасының орынбасары – Баян Ахатай, Республикалық Аналар алқасының мүшесі – Гүлден Молдахметова, Университеттің Психологиялық қолдау орталығының жетекшісі Самал Тоғымның, сондай-ақ тәжірибелі практик-психолог Серікгүл Салидың қатысуымен өтті.
Тренингке «Туризм», «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандығының жүзден аса студенттері мен магистранттары қатысты. Тренинг барысында қатысушылар арасында сұрақ жауап туындап, қызу пікірталас түрінде рефлексия өтті.
Туризм кафедрасының меңгерушісі Ляйля Муталиева және кафедра профессор м.а. Динара Есимова Астана қаласы Достық үйінің жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері болып табылатынын айта кету қажет.
