
Халықаралық қатынастар факультеті, Аймақтану кафедрасында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Әкімова Жақсыгүл Бекжанқызы «8D03105 – Аймақтану» білім беру бағдарламасы бойынша «Каспий аймағындағы көпжақты ынтымақтастық контекстіндегі АҚШ–Түркия қатынастары» тақырыбында диссертациясы қорғалды

2026 жылғы 10 қыркүйекте Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «8D03105 – Аймақтану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Әкімова Жақсыгүл Бекжанқызының диссертациялық жұмысы сәтті қорғалды.
Докторанттың «Каспий аймағындағы көпжақты ынтымақтастық контекстіндегі АҚШ–Түркия қатынастары» тақырыбындағы диссертациялық зерттеуі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Аймақтану кафедрасында орындалды.
Зерттеу Каспий аймағындағы көпжақты ынтымақтастық жағдайында АҚШ пен Түркияның геосаяси және геоэкономикалық мүдделерін, олардың аймақтық саясат пен көпжақты форматтарға ықпалын кешенді талдауға арналған. Диссертацияда Каспий аймағының қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі стратегиялық маңызы, энергетикалық қауіпсіздік, көлік-логистикалық дәліздер, аймақтық тұрақтылық және сыртқы акторлардың рөлі қарастырылған.
Ізденушінің ғылыми кеңесшілері – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Аймақтану кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Пану Калынбаевна Килыбаева және Ибн Халдун университетінің профессоры, PhD Яшар Сари.
Диссертациялық кеңестің отырысына Қазақстан және шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты. Ресми рецензенттер ретінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің өкілі, PhD Салтанат Толеуовна Джакубаева және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, PhD Адилбек Ермекбаев сөз сөйледі. Сонымен қатар диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері қатарында Қазақстан мен Өзбекстанның жетекші ғалымдары болды.
Қорғау барысында ізденуші зерттеудің негізгі нәтижелерін, ғылыми жаңалығын және практикалық маңызын таныстырып, диссертациялық кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берді. Ғылыми пікірталас қорытындысы бойынша диссертациялық жұмысқа оң баға беріліп, қорғау сәтті аяқталды.
Әкімова Жақсыгүл Бекжанқызын диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз және алдағы ғылыми-зерттеу қызметіне табыс, жаңа ғылыми ізденістер мен кәсіби жетістіктер тілейміз!
