
ЗАҢ КЛИНИКАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ АЗАМАТТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ

2026 жылғы 10 қыркүйекте Астана қаласының Әділет департаменті, Астана қаласының Адвокаттар алқасы, Астана қаласының Нотариаттық палатасы, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы және «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы жасалған меморандум шеңберінде университет өкілдерінің қатысуымен бас ғимаратта сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық және әкімшілік-құқықтық мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау өтті.
Консультацияны елорданың кәсіби қоғамдастықтарының жетекші сарапшылары жүргізді:
Астана қ. Адвокаттар алқасының адвокаттары: Дауытова Маржан Алимқызы, Жунусова Айгуль Амантаевна, Берсанова Фатима Муслимовна, Калиакпарова Гаухар Мухтаровна, Сагнай Данара Сагимбекқызы, Айтыкова Баян Капаровна;
Жеке сот орындаушысы: Абжамиева Назыгул Темирхановна.
Кездесу барысында азаматтар өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша толыққанды жауаптар алды. Мұндай форматтағы шаралар халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын арттыруға ықпал етеді.
