
Көлік-энергетика факультетінде ғылым және коммерцияландыру жөніндегі проректормен кездесу өтті

2026 жылғы 11 қыркүйекте Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Көлік-энергетика факультетінде ғылым және коммерцияландыру жөніндегі проректор Сапарходжаев Нұрбек Пажарбекұлымен кездесу өтті.
Кездесу барысында факультеттің профессор-оқытушылар құрамымен пікір алмасып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту, ғылыми жобаларды жүзеге асыру және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру мәселелері талқыланды.
Кездесу бағдарламасына сәйкес факультеттің кафедраларына қарасты зертханаларға бару ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
1) «Жылуэнергетика» кафедрасы – «Жылуэнергетика» зертханасы;
2) «Стандарттау, сертификаттау және метрология» кафедрасы – «Физика-химиялық зерттеулер» зертханасы;
3) «Көлік инженериясы» кафедрасы, «ENU-ENGINEERING» ОӨО – «Автомобиль көлігінің жалпы құрылымы», «Көлік техникасының диагностикасы», «Гидравлика» зертханалары;
4) «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» кафедрасы, «ENU-ENGINEERING» ОӨО – «Теміржол станциясы бойынша кезекші мен теміржол бөлімшесі бойынша диспетчердің жаттықтырғыштар кешені», «Тасымалдау процестерін басқару» зертханалары.
Сапар барысында проректор зертханалардың материалдық-техникалық базасымен, оқу үдерісі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған мүмкіндіктерімен танысты.
