
ЕҰУ-да оқытушылардың жұмысында ChatGPT-ті тиімді пайдалану бойынша семинарлар өтті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Онлайн оқыту департаменті Bilim Upskill компаниясымен бірлесіп университеттің профессор-оқытушылар құрамына арналған оқыту семинарларын ұйымдастырды.
Семинарларды «Bilim Upskill ChatGPT Edu» жобасының AI-әдіскерлері Абдулкәрім Абдул Рахманұлы және Айгерім Кажығалиева өткізді.
Семинар барысында спикерлер қатысушыларды ChatGPT-тің негізгі мүмкіндіктерімен таныстырып, кәсіби қызметте жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдерін көрсетті.
Оқу материалдарын дайындау, тапсырмалар мен тесттер әзірлеу, ақпаратты құрылымдау, презентациялар жасау, мәтіндерді жетілдіру және оқытушының басқа да күнделікті міндеттерін оңтайландыру үшін жасанды интеллектіні практикалық тұрғыда пайдалануға ерекше назар аударылды.
Оқыту барысында оқытушылар тиімді сұраныстарды құрастыру бойынша ұсынымдар алып, ChatGPT-ті пайдаланудың нақты мысалдарын қарастырды, сондай-ақ білім беру үдерісінде жасанды интеллект технологияларын жауапкершілікпен және әдепті қолдану мәселелерін талқылады.
Қазіргі уақытта ЕҰУ-дың профессор-оқытушылар құрамының өкілдеріне ChatGPT-ті пайдалану лицензияларын кезең-кезеңімен беру жалғасуда. Бұл оқытушыларға платформаның мүмкіндіктерін кәсіби қызметінде қолдануға, жасанды интеллектінің заманауи құралдарын меңгеруге және оларды оқыту сапасын арттыру мен оқу үдерісін ұйымдастыруда пайдалануға мүмкіндік береді.
Осындай іс-шараларды өткізу ЕҰУ профессор-оқытушылар құрамының цифрлық құзыреттерін арттыруға, жасанды интеллект технологияларымен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға және оларды университеттің білім беру және ғылыми қызметіне тиімді интеграциялауға ықпал етеді.
ЕҰУ-дың Онлайн оқыту департаменті алдағы уақытта да оқытушыларға әдістемелік қолдау көрсету, сондай-ақ білім беру саласында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні тиімді пайдалану тәжірибелерін дамыту бағытындағы жұмысын жалғастырады.
