
«Тарих» мамандығының 1-курс студенттері Психологиялық қолдау орталығының білікті маманымен кездесті
Тұрақты даму
Практика
SMART.ENU
14.09.2026 7

2026 жылдың 14 қыркүйегінде Тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының 1-курс студенттері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Психологиялық қолдау орталығының психологы Баймуханова Айжан Жақыпқызымен кездесті. Сонымен қатар аталған іс-шараға Тарих факультеті деканының тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары Ж.С. Ерденбекова мен «Тарих» мамандығы қазақ топтарының кураторы М.Ф. Абдуразаков қатысты.

Кездесу барысында психолог маман Айжан Жақыпқызы білім алушы жастарға университеттің Психологиялық қолдау орталығы қызметі мен қызметкерлері, орталықтың негізгі міндеттері мен мақсаттары жайлы жан-жақты ақпарат беріп өтті.
Бөлісу:
