
Халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Р.С. Жанбулатова ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде өткен Цифрлық оқыту апталығы – 2026 іс-шарасына қатысты
#ENUscience
SMART.ENU
14.09.2026 14

Халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Р.С. Жанбулатова 2026 жылғы 8–11 қыркүйек аралығында ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде (Париж, Франция) өткен Цифрлық оқыту апталығы – 2026 іс-шарасына қатысты.
«Жасанды интеллект дәуіріндегі білім: фактілер, қайшылықтар және жаңа көкжиектер» тақырыбы аясында жасанды интеллектінің білім беру жүйелеріне ықпалынан туындайтын қайшылықтармен қатар, оның ашатын жаңа мүмкіндіктері де талқыланды. Көптеген конференциялар, воркшоптар, тренингтер мен шеберлік сабақтары барысында цифрлық дәуірдегі білім берудің болашағын қалыптастыру кезінде басты назарда болуға тиіс мәселелер жан-жақты қарастырылды.
Бөлісу:
