
Жаңа ортаға бейімделу және тиімді қарым-қатынас
2026 жылғы 11 қыркүйекте Халықаралық қатынастар факультеті Шығыстану кафедрасының аға кураторы Судыева Н.Б. және топ жетекшілері Елубай А. мен Рахман А.-ның ұйымдастыруымен 1-курс қазақ бөлімінің студенттеріне арналған «Жаңа ортаға бейімделу: өзара қолдау және тиімді қарым-қатынас» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шараға Психологиялық қолдау орталығының психологы Баймұханова Айжан Жақыпқызы арнайы шақырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – бірінші курс студенттерінің жаңа ортаға бейімделуіне психологиялық қолдау көрсету, өзара түсіністік пен тиімді қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.
Кездесу барысында психолог студенттерге жаңа ортаға бейімделу, күйзелісті жеңу және топ мүшелерімен жақсы қарым-қатынас орнату жөнінде кеңес берді. Студенттер белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Кураторлық сағат студенттер арасындағы бірлік пен өзара қолдауды нығайтуға оң ықпал етті.
