
ЕҰУ ABEEK пен келісім жасады

Сеул қаласында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары және «Орталық Азия – Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Кореяның инженерлік білім беруді аккредиттеу кеңесі (Accreditation Board for Engineering Education of Korea, ABEEK) арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Рәсім барысында ЕҰУ Басқарма төрағасы -ректоры Ерлан Сыдықов пен ABEEK Президенті У Сын Ким Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойып, тараптар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашты.Меморандум инженерлік және IT-білім беру, білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу, кәсіби тәжірибе алмасу және жоғары білім сапасын қамтамасыз ету бағыттарындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1292171?lang=kk
