
ЕҰУ-да практика бойынша құжаттарды рәсімдеудің цифрлық механизмі таныстырылды

Smart жүйесінде Практика бойынша "Жұмыстарды (қызметтерді) орындауға арналған келісім-шарт" (мектеп мұғалімдерімен) бойынша модулды таныстыру бойынша онлайн жиналыс өтті.
Карьера және бизнес-әріптестігі бөлімінің ұйымдастыруымен Microsoft Teams платформасында практикаға қатысты құжаттарды Smart ақпараттық жүйесінде рәсімдеу мәселелеріне арналған онлайн жиналыс өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты - практика бойынша құжаттарды электронды форматта рәсімдеуге мүмкіндік беретін Smart жүйесіндегі жаңа модульдердің функционалдық мүмкіндіктерін таныстыру және оларды қолдану тәртібін түсіндіру.
Жиын барысында Цифрлық даму департаментінің бизнес-талдаушы-тестілеушісі Сабина Абдиева қатысушыларға жүйеде жұмыс істеудің негізгі кезеңдерін таныстырды. Атап айтқанда:
- Мектеп мұғалімдері үшін практика бойынша төлем келісім-шартын құру;
- Қосымша келісім-шарттарды рәсімдеу;
- Орындалған жұмыстар актісін тапсыру тәртібі көрсетілді.
Сондай-ақ құжаттарды жүйе арқылы рәсімдеу ерекшеліктері мен практикаға қатысты электронды құжат айналымын тиімді ұйымдастыру жолдары түсіндірілді.
Онлайн форматта өткен іс-шара қатысушыларға Smart ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктерін тәжірибе жүзінде меңгеруге және практикаға қатысты құжаттарды рәсімдеу үдерісін жеңілдетуге мүмкіндік берді.
