
«Тарих» білім беру бағдарламасы студенттерінің Психологиялық қолдау орталығының психологымен кездесуі

2026 жылдың 16-қыркүйегінде тарих факультетінде В034-2203-26-02 «Тарих-12» тобының студенттері Психологиялық қолдау орталығының психологы Айжан Жақыпқызы Баймұхановамен кездесті.
Іс-шараға студенттермен жұмыс жөніндегі деканның орынбасары Ерденбекова Жанар Сейітқалиқызы және топ кураторы Қабылтаева Самал Казизқызы қатысты.

Кездесу барысында Айжан Жақыпқызы студенттерді Психологиялық қолдау орталығының қызметімен таныстырып, оның негізгі мақсаттары мен жұмыс бағыттары, сондай-ақ психологиялық көмек пен жеке кеңес алу мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Студенттерді оқу процесіне және университеттік ортаға бейімдеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Студенттер өз әсерлерімен бөлісіп, олардың оқудың жаңа жағдайларына бейімделуі, туындаған мәселелер мен қиындықтар туралы айтып берді.
Айжан Жақыпқызы қиындықтар туындаған жағдайда студенттер Психологиялық қолдау орталығына жеке кеңес алу үшін жүгіне алатынын атап өтті.
Психологиялық көмек:
* күйзеліс пен алаңдаушылықты еңсеру;
* оқуға және университеттік ортаға бейімделу;
* қатынастардағы қиындықтар;
* эмоциялық күйіп қалу;
* өзін-өзі төмен бағалаумен;
* дағдарыстық жағдайлармен;
* жеке дамуымен.
Кездесу ашық және сенімді атмосферада өтті. Мұндай іс-шаралар студенттерге университеттік өмірге жақсы бейімделуге, кәсіби қолдауға уақтылы жүгінуге және өздерінің эмоциялық әл-ауқатына қамқорлық жасауға көмектеседі.
